Дэвид Линч, Кайл МакЛоклен және Лора Дерн «Твин Пикс» хикаясы промосының аясында «Variety-дің» мұқабасына шықты
Лора Дерн алғашқы екі маусымға қатыспаған еді, бірақ ол әрдайым Дэвид Линчке жақтасып жүреді. Сонымен қатар, ұзынқұлақтың мәліметінше, үшінші маусымда арнайы агент Купердің құпия көмекшісі Дайанның рөлін сомдайтын көрінеді.
Соңғы бөлімінде өліп бара жатып агент Куперге тағы кездесетінін айтқан Лора Палмер көрермендерге 25 жылдан соң қайта оралды. Журналдағы сұхбатқа қарамастан, алдағы бөлімнің жәй-жапсары баяндалмаған. Дегенмен, «Variety» журналы бір нәрсені анық көрсетті.
Үшінші маусым ұзақ фильм ретінде түсірілген, ал монтаждау кезінде бөлімдерге бөлінді. Алдағы маусым Лора Палмер өмірінің соңғы күндеріне арналған.
Кайл МакЛоклен мен Лора Дерннің көліктегі ортақ көрінісі бар. Ол жақта кейіпкерлер шымшықтарды әңгімелейді.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін