È

«Өзін-өзі ұстай алмайды»: Стивен Содербергтің жаңа жобасына арналған дубляждалған трейлер қорқыныш ұшқынын көрсетеді

«Өзін-өзі ұстай алмайды»: Стивен Содербергтің  жаңа жобасына арналған дубляждалған трейлер қорқыныш ұшқынын көрсетеді

Танымал режиссер Стивен Содерберг («Жағымсыз әсер», «Оушенның он бір досы») Bleecker Street компаниясымен екінші рет серіктестік орнатты. Оның «Логандардың сәттілігі» атыс-шабыс фильмі өткен жылы күздің басында экранға шыққан болатын. Ал «Өзін-өзі ұстай алмайды» фильмінің әлемдік көрсетілімі келесі айда Берлин кинофестивалінде өтеді. Содербергтің толығымен iPhone-ға түсірілген «Өзін-өзі ұстай алмайды» атты жаңа жұмысына арналған трейлері «Тәж» хикаясының жұлдызы және «Алтын глобус» иегері Клер Фойды өз еркімен психикалық ауруханаға келген әйел бейнесінде көрсетеді.

Содерберг «Өзін-өзі ұстай алмайды» психологиялық трейлерін хоррор элементтерімен байланыстырады. Ол 5 жыл өткеннен кейін күрделі жанрға қайта оралып, 2013 жылғы «Жағымсыз әсер» фильмінің дәстүрін жалғастырады. Клер Фойдың кейіпкері өзінің қорқынышымен күресіп, оның шындық немесе жай ғана қиялының жемісі екенін түсінуге тырысады. Фильмнің сценарийімен «Тыңшы көрші» және «Сәттілік үшін сүйші» фильмдері арқылы танымал Джонатан Бернштейн мен Джеймс Грир айналысады. Олар кейіпкердің өзін аңдығандардан жасырыну үшін ауруханаға қарай жүгіргенін, ақыр соңында еркінен тыс тәжірибе үшін сонда қамалып қалғанын сипаттайтын оқиғаны мұқият көрсетеді.

«Өзін-өзі ұстай алмайды» фильмінің Қазақстандағы көрсетілімі 29 наурызға белгіленген.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер