«Алтын глобус»: қорытынды және сараптама
7 қаңтар күні Лос-Анджелесте Голливуд қауымдастығы шетел баспасөзінің беделді жүлдесі «Алтын глобустың» 75-ші марапаттау салтанаты өтті. «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» драмасы кинономинацияларда ең көп жүлдеге ие болды. Таспа жылдың үздік фильмі атанып, үш жүлде иеленді. Гильермо дель Тороның «Су қалыбы» фильмі 7 санатқа ұсынылса да, екі-ақ номинация алды. «Құс ханым» да екі жүлдеге ие болды. «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Шек» неміс триллері жеңіске жетті.
Киностудиялар арасындағы жасырын байқаудың жеңімпаздарының бірі - Fox Searchlight, ол фильмдерінің арқасында алты жүлдені иеленді. Тағы үш жүлде A24 компаниясының жобаларына тиесілі. «Алтын глобустың» бұл жолғы тосын сыйы Стивен Спилбергтің «Жұмбақ құжаттама» атты жаңа жұмысы және «Мені өз есіміммен аташы» атышулы драмасы болды.
Телевизиялық санаттар бойынша HBO компаниясы және оның «Үлкенді-кішілі өтірік» жобасы триумфатор атанды. Кіші көлемді бұл хикая бірден төрт жүлдеге ие болды. «Алтын глобус» нұсқасы бойынша «Қызметшінің әңгімесі» фантастикалық антиутопиясы үздік драмалық хикая атанды. «Тәж» бен «Қастық» хикаяларының жеңімпаздар арасында болмағаны күтпеген жағдай болды.
2018 жылғы киносанаттардағы жеңімпаздар мен үміткерлер тізімі:
Үздік драма - ЭББИНГ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҮШ БИЛБОРД, МИССУРИ;
Үздік комедия немесе мюзикл – ҚҰС ХАНЫМ;
Толықметражды фильмнің үздік режиссері - Гильермо дель Торо (СУ ҚАЛЫБЫ);
Драмалық фильмдегі үздік актриса - Фрэнсис МакДорманд (ЭББИНГ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҮШ БИЛБОРД, МИССУРИ);
Комедиялық фильмдегі немесе мюзиклдегі үздік актриса - Сирша Ронан (ҚҰС ХАНЫМ);
Екінші қатардағы үздік актриса - Эллисон Джейни (МҰЗДЫ КӨКБЕТ);
Драмалық фильмдегі үздік актер - Гэри Олдмен (ЗҰЛМАТ КЕЗЕҢДЕР);
Комедиялық фильмдегі немесе мюзиклдегі үздік актер - Джеймс Франко (ТУЫНДЫГЕР ҚАЙҒЫ);
Екінші қатардағы үздік актер - Сэм Рокуэлл (ЭББИНГ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҮШ БИЛБОРД, МИССУРИ);
Ерекше үздік сценарий - ЭББИНГ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ҮШ БИЛБОРД, МИССУРИ;
Үздік мультфильм – КОКО ҚҰПИЯСЫ;
Үздік ән - «This Is Me» (ӘЙГІЛІ ШОУМЕН);
Үздік музыка – СУ ҚАЛЫБЫ;
Үздік шетел фильмі - ШЕК (Германия).
2018 жылғы телесанаттардағы жеңімпаздар мен үміткерлер тізімі:
Үздік драма - «Қызметшінің әңгімесі» (The Handmaid's Tale, Hulu);
Үздік комедия немесе мюзикл - «Ғажайып миссис Мейзел» (The Marvelous Mrs. Maisel, Amazon);
Үздік телефильм немесе кіші көлемді хикая - «Үлкенді-кішілі өтірік» (Big Little Lies, HBO);
Драмалық фильмдегі үздік актриса - Элизабет Мосс («Қызметшінің әңгімесі»);
Комедиялық фильмдегі немесе мюзиклдегі үздік актриса - Рэйчел Броснахэн («Ғажайып миссис Мейзел»);
Кіші көлемді хикаядағы немесе телефильмдегі үздік актриса - Николь Кидман («Үлкенді-кішілі өтірік»);
Екінші қатардағы үздік актриса - Лора Дерн («Үлкенді-кішілі өтірік»);
Драмалық хикаядағы үздік актер - Стерлинг К. Браун («Бұл біз»);
Комедиялық фильмдегі немесе мюзиклдегі үздік актер - Азиз Ансари («Қолынан көп нәрсе келмейтін шебер»);
Кіші көлемді хикаядағы немесе телефильмдегі үздік актер - Эван МакГрегор («Фарго»);
Екінші қатардағы үздік актер - Александр Скарсгард («Үлкенді-кішілі өтірік»).







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін