«Алтын глобус» үміткерлері анықталды
11 желтоқсанда Лос-Анджелестің Beverly Hilton қонақүйінде шетел баспасөзі голливуд қауымдастығының ең беделді жүлдесі - «Алтын глобусқа» таласатын бес фильм жарияланды.
Кинономинация саны бойынша Гильермо дель Тороның «Су қалыбы» жаңа фильмі үздік атанды, ол 7 санат бойынша таныстырылды. «Жұмбақ құжаттама» саяси триллері мен «Эббинг шекарасындағы үш биллборд» драмасы алты номинацияға, ал «Құс ханым» фильмі 4 номинацияға үміткер болды. «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясында Андрей Звягинцевтің «Махаббат емес» драмасы бақ сынамақ.
«Алтын глобусты» табыстау 75-ші рет өткізілмек. Салтанатты шара 2018 жылдың 7 қаңтарында болады. «Алтын глобус» «Оскардан» кейінгі екінші америкалық жүлде болып саналады. «Глобустарды» табыстау салтанатын оскар алдындағы «қызыл кілемшелер маусымы» ашады.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін