È

«Жұмбақ құжаттаманың» бірінші трейлері

«Жұмбақ құжаттаманың» бірінші трейлері

20th Century Fox «Жұмбақ құжаттаманың» бірінші трейлерін жарыққа шығарды. Стивен Спилберг түсірген фильм 1971 жылы «Washington Post» газетінде Пентагон құжаттары жайындағы мақалалар туралы баяндайды. Таспадағы оқиға Катрин Грэм (Мэрил Стрип, «Крамер Крамерге қарсы», «Мэдисон аймағының көпірі») мен Бен Брэдли (Том Хэнкс, «Жасыл миля», «Форрест Гамп») аясында өрбиді. Олар Пентагон оқиғасына қатысты құжаттарды баспасөз беттеріне жариялауға асығады. Бұл құжаттар биліктің Вьетнамдағы соғыс туралы жайттармен ұзақ жылдар бойы халықты алдап келгенін дәлелдейді.

«Жұмбақ құжаттама» көпшілік көрерменге 2017 жылдың 22 желтоқсанында, яғни киножүлделерді марапаттау аяқталған кезде жол тартады. Спилберг «Бірінші ойыншы дайындалсын» атты жұмыспен бас қатырып жүрсе де, «Оскар» үміткері болуға әбден лайықты драманы түсіре білген. Фильм керемет актерлік құрамның арқасында (Стрип алғаш рет Хэнкспен де, Спилбергпен де жұмыс істеген) баспасөз бен билік арасындағы тайталасты жақсы көрсеткен. «Жұмбақ құжаттаманың» трейлері секілді тамаша болатындығында күмән жоқ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер