È

«Артемида» қонақ үйі»: алғашқы дубляждалған трейлер қылмыскерлерге арналған құпия госпиталь жайлы баяндайды

«Артемида» қонақ үйі»: алғашқы дубляждалған трейлер қылмыскерлерге арналған құпия госпиталь жайлы баяндайды

Осы аптада Warner Bros. «Артемида» қонақ үйі» триллерінің алғашқы ролигін жарыққа шығарды, трейлерде қылмыскерлерге арналған құпия госпиталь жайлы баяндайды. Танымал сценарист Дрю Пирс («Темір адам 3», «Орындалмайтын міндет: Аластатылғандар тайпасы») өзінің режиссерлік дебютінде көптеген жұлдыздарды түсірді - Дэйв Батиста («Жүзбен жүгіруші 2049», «Галактика сақшылары»), София Бутелла («Мумия», «Жойқын ақсары қыз»), Дженни Слейт («Дарынды»), бірақ бұл триллердің басты жұлдыздары - Джоди Фостер («Қозылардың үнсіздігі», «Мэверик»), Стерлинг К. Браун («Қара Ілбісін», «Маршалл») және Джефф Голдблюм («Тор: Рагнарёк», «Тәуелсіздік күні: Жаңғыру»).

«Артемида» қонақ үйіндегі» оқиға 2028 жылы Лос-Анджелесте өтеді. Трейлер көрермендерге қылмыс әлемінің ауруханада жасырынып жүрген өкілдерін таныстырады. Вайкики (Стерлинг К. Браун) мен Гонолулу (Брайан Тайри Генри) тонау жасаған соң, медициналық көмекке жүгініп, «Артемида» қонақ үйінде жасырынып жүреді. Тонау нәтижесінде Вайкики құны 18 миллион доллар тұратын өзіндік сыйлыққа ие болады. Танымал нашар жігіт (Джефф Голдблюм) осы қазынаны өзіне иемденгісі келгенде, қауіп төне бастайды.

Жабық госпитальға келу ережесін аға медсестра (Джоди Фостер) хабарлайды, яғни бұл аурухана екі басты нәрсені – сенім мен ережеге бағынуды талап етеді. Ролик осы ережелер туралы баяндайды: қызметкерлерді балағаттамау, аурухана ғимаратында қаруға орын жоқ және басқа емделушілерді өлтіруге болмайды. Динамикалық түсірілім соғысып, аман қалуға тырысқан кейіпкерлерді көрсеткен соң, трейлер Джоди Фостердің: «Артемидада» қызу түн болды» деген сөзімен аяқталады.

«Артемида» қонақ үйі» триллері 2018 жылдың 14 маусымынан бастап ауқымды айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер