«Жүзбен жүгіруші 2049» фильмінің үзіндісі пайда болды
Көрермендер жуырда жарыққа шығатын «Жүзбен жүгіруші 2049» фантастикалық фильмінің үзіндісін тамашалай алады. Басты рөлде - Райан Гослинг.
Фильм тұсаукесері 5 қазанға жоспарланып отыр.
Сюжеті Ридли Скотт түсірген «Жүзбен жүгіруші» фильмінен 30 жыл өткеннен кейінгі хикаяны баяндайды. Блэйд-раннер қызметін атқаратын полиция офицері Кей (Райан Гослинг) көптен бері ұмытылып кеткен құпияны зерттеуге кіріседі.
Ол қызмет барысында 30 жыл бұрын жоғалып кеткен бұрынғы блэйд-раннер Рик Декардты (Харрисон Форд) тауып алады.
Фильмге Джаред Лето, Сильвия Хукс, Робин Райт, Ана де Армас, Дэйв Батиста, Маккензи Дэвис, Баркхад Абди, Хиам Аббасс, Давид Дастмалчян, Карла Джури және Эдвард Джеймс Олмос түсті.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін