È

SXSW 2018: Стивен Содерберг «Мінсіздің» продюсері болды

SXSW 2018: Стивен Содерберг «Мінсіздің» продюсері болды

Эдди Алказардың «Мінсіз» дебютті толықметражды таспасы «Оңтүстік арқылы оңтүстік-батысқа» (SXSW) фестивалінде көрсетілді. Бұл – амбицияға толы, сәуегейлік бағытты ұстанған немесе керісінше, жағымсыз пікірге ие болатын гиперстилденген ғылыми-фантастикалық кино. Мүмкін, «Мінсіз» фильмде атқарушы продюсер болған Стивен Содерберг есімі арқылы табысты болатын шығар. Картина ғылыми-фантастикалық кинонының заманауи тенденцияларын сыртқы визуалды жақсартуға қарай бағыттайды.

Құрбысы қайтыс болған соң жас жігіт (Гарретт Воейнг) жабық пансионатқа тап болады. Анасы (Эбби Корниш, «Геодауыл», «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури») баласын мазалаған ойларынан арылтуға тырысады. Ол да кезінде осы пансионатта тұрған. Негізі, Корниш кейіпкері жігіттің анасына мүлдем ұқсамайды, құдды бір ұлының құрдасы секілді. Картинаны көре отырып, анасының тәрбиеге хобби ретінде қарайтындығын байқауға болады. Ол кетіп бара жатып, ұлына: «Осы жақтан басқа адам болып шығасың деп үміттенемін», - дейді.

Басты кейіпкер жақсы жабдықталған бөлмеге орналасып, ешқашан тірідей көрмейтін әйелмен бейнебайланыс арқылы нұсқаулар алып отырады. Бейімдеу кезеңінен соң, «өз жолыңды таңда» деген дауыс оған «модернизация» бойынша нұсқаулар жібереді. Бозбала бет терісінің аз бөлігін кесіп алып, оны соған ұқсайтын мөлдір пластмассамен ауыстыруы тиіс. Бұл – оның өз-өзіне жасауға мәжбүр болған алғашқы отасы. Осы уақытта жүйе ең маңызды элементке көшеді. Ол жас жігіттің жан-дүниесіне енуге тырысады, ал жігіт өзінің биороботтар өндіретін фабрикаға тап болғанын түсінеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист