È

Аптадағы тұсаукесерлер: Табиғат ғажайыптары

19-қазаннан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл апта түрлі жастағы көрермендерді ерекше таң қалдырмақ. Қауіпті оқиғаларды жақсы көретіндерге «Геодауыл» немесе Дэниэл Редклиффтің қатысуындағы «Орман» фильмдерін көруге, ал хоррор жанрының жанкүйерлеріне «Елестер үйі» мен «Голем» картиналарын тамашалауға кеңес береміз. Ал ең кішкентай көрермендерге «Саяхатшы Тэд және Мидас патшаның құпиясы» мультфильмі мен «Соңғы жауынгер» картинасындағы кейіпкерлердің қызықты оқиғаларына бір күліп алуына болады.


«Геодауыл»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.10.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Дин Девлин

Рөлдерде: Эбби Корниш, Дэниэл Ву, Джерард Батлер, Эд Харрис, Энди Гарсиа

Жанры: фантастика, триллер, атыс-шабыс фильмі

Жас шектеуі: 13 жасқа дейін

Адамзат баласы табиғи апаттардан сақтану үшін климатты бақылап отыратын спутниктер желісін жасады. Алайда, бір нәрсе дұрыс болмай, жүйе бақылаудан шығып кетеді. Осы тұста уақытпен жарысып, мәселені анықтауға кіріседі. Себебі, ақауды уақытында таппаса, Жер тірі нәрселерді де, өзін де жойып жіберуі мүмкін.

 

«Орман»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.10.2017

Мемлекеттері: Австралия, Колумбия

Режиссері: Грег МакЛин

Рөлдерде: Дэниэл Редклифф, Томас Кречман, Алекс Расселл, Лили Салливан

Жанры: атыс-шабыс фильмі, триллер, драма, шытырман

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Достар күнделікті күйбеңнен арылып, жаңа әсерге бөлену мақсатында, орманға жол тартады. Боливияның тропикалық тоғайларына тап болған кейіпкерлер табиғаттың өзі құрған тұзаққа түсіп қалғандарын аңғармай қалады. Жалғыз ғана жол – кез-келген амалмен тірі қалуға тырысу.

 

«Елестер үйі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.10.2017

Мемлекеттері: Таиланд, АҚШ, 2017

Режиссері: Рич Рэгсдэйл

Рөлдерде: Скаут Тэйлор-Комптон, Джеймс Хеберт, Марк Бун Джуниор, Расселл Джеффри Бэнкс

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Жас жұп Джим мен Джулия Таиландта демалып жатыр. Екеуінің демалыстары тыныш әрі жақсы өтіп жатқан болатын. Бірақ, олар «елестер үйіне» тап болғанда, бәрі өзгеріп сала береді. Ұзынқұлақтардың айтуынша, үйде сұмдық бір құпия жасырынған, үйдің табалдырығын аттаған сәтте, сол бір тылсым күш оянып кететін көрінеді. Джим мен Джулия қарғыс атқан бәледен қашып құтыла ала ма?

 

«Гангстердам»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.10.2017

Мемлекеттері: Франция, Нидерланды, 2017

Режиссері: Ромейн Леви

Рөлдерде: Кев Адамс, Мэнон Азем, Коме Левин, Юбер Кунде

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Рубен Нораға ғашық, бірақ бойжеткен оның сезімін елемейді. Бірақ, өмір тосын сыйларға толы емес пе? Нора Рубенге Амстердамға бірге баруға ұсыныс тастайды. Өкінішке қарай, саяхатта ешқандай да романтика жоқ, себебі олар тауар алып келуге кетіп бара жатыр.

 

«Голем»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.10.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2016

Режиссері: Хуан Карлос Медина

Рөлдерде: Оливия Кук, Билл Найи, Эдди Марсан, Дуглас Бут

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Лондон, 1880 жыл. Лаймхаус атты тыныш ауданда сұмдық өлім орын алады. Жергілікті халық үрейленіп, барлығына Големді – қара сиқырдың көмегімен дүниеге келген мифтік мақұлықты кінәлай бастайды. Тергеуге нақты деректер мен аналитикалық санаға ғана жүгінетін детектив Килдэр кіріседі.

 

«Соңғы жауынгер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.10.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Дмитрий Дьяченко

Рөлдерде: Екатерина Вилкова, Елена Яковлева, Сергей Бурунов, Александр Семчев

Жанры: комедия, отбасылық, шытырман

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Иван – өз өмірін ретке келтіруге тырысып жүрген мәскеулік қарапайым жігіт. Бір күні бозбала жарық пен қараңғы арасында шайқас жүріп жатқан ғажайып қала Белогорьеге қоныс аударады. Кейіпкер ел бойынша қызықты саяхат жасап, қаланың ғажайып тұрғындарымен танысады.

«Шынайы Рокки»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.10.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2016

Режиссері: Филипп Фалардо

Рөлдерде: Лив Шрайбер, Наоми Уоттс, Сэди Синк, Пуч Холл

Жанры: драма, өмірбаян

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильмнің кейіпкері - боксшы Чак Уэпнер. Ол Мұхаммед Әлиді жеңгеннен кейін атақты болып, кинокейіпкер Рокки Бальбоаның прототипі атанды. Картина Чак туралы баяндайды, оның қалай өмір сүргенін және нені ерекше жақсы көргенін: өзін немесе атақты ойлағанын бейнелейді.

 

«Саяхатшы Тэд және Мидас патшаның құпиясы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 16.10.2017

Мемлекеті: Испания, 2017

Режиссерлері: Давид Алонсо, Энрике Гато

Рөлдерде: Оскар Барберан, Мишель Хеннер, Адриана Угарте

Жанры: мультфильм, комедия, шытырман

Жас шектеуі жоқ

Саяхатшы Тэд достары – нағыз мумия мен Джефф төбет – барлығы бірге Джек Рэкхемді іздеуге аттанады. Жауыз Тэдтің ғашығы Сараны ұрлап кеткен еді, себебі сол арқылы әйгілі патша Мидастың қазыналарының қайда жасырынғанын білмекші болады. Кейіпкерлердің шытырман оқиғаларды бастарынан өткереді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер