È

Барри Дженкинс жаңа жоба тапты

Барри Дженкинс жаңа жоба тапты

Барри Дженкинстің «Айдың жарығы» фильмі биылғы жылдың үздік фильмі ретінде «Оскар» жүлдесін алған. Режиссер мұнымен тоқтап қалғысы жоқ, Джеймс Болдуиннің «Бил-стрит сөйлей алғанда ғой» романының негізінде жаңа драма түсірмек. Сонымен қатар, Дженкинс 2013 жылы сценарийді өзі жазды. Бірақ, жазушының туыстарынан қойылымға рұқсат ала алмады.

Фильм отбасын құруға дайындалып жүрген қара нәсілді екі жас туралы. Бойжеткеннің аяғы ауыр, ал жігітті пуэрторикандық қызды зорлады деп айыптайды. Бұл істі нәсілшіл полицей әдейі ұйымдастырған болып шығады. Бірақ, жастардың туыстары шындықты дәлелдей алмай әлек болады. Жігіттің анасы шындықты білу үшін пуэрторикандық қызға барады. Ал жігіттің өзі түрмеге қамалады.

Кейіпкерлер түрлі көңіл-күйге бөленеді, бірде мұңайып, бірде үміттеніп үлгереді.

Жаңа фильмнің түсірілімі қазан айына жоспарланып отыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер