Баян Алагөзова Геннадий Головкиннің арқасында айыппұлдан құтылып кетті
Баян Алагөзова ЖЖЕ-ні бұзғаны үшін салынған айыппұлдан Геннадий Головкиннің арқасында құтылып кетті. Продюсер Инстаграм желісінде бейнежазбасымен бөлісіп, былай деп жазды: «Рақмет, Гена. Сенің арқаңда бізді айыппұлсыз босатты» (Орфография және пунктуация сақталған. Ред. алқ.)
Баян Алагөзова демалыс күндерін жұбайымен бірге Прагада өткізген болатын. Қаланы аралап жүрген жұпты жол ережесін бұзғаны үшін полиция қызметкері тоқтатады. Бірақ, сақшы олардың Қазақстаннан екенін білген соң, жібере салады.
Себебі, Баянның сөзінше, полиция қызметкері GGG - боксер Геннадий Головкиннің жанкүйері болып шыққан. «Сіз Головкинді жақсы көресіз бе?» деген сұраққа, ол: «Әрине»,- деп жауап берген.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін