È

Баян Алагөзова Kesh You-дің жаңа солистін көрсетті

Баян Алагөзова Kesh You-дің жаңа солистін көрсетті

Баян Алагөзова қазақстандықтарға Kesh You-дің жаңа солистін таныстырды. Элизат Берікованың орнына Ақтөбелік жас әнші Ақбота Құрманғали келді. Бұл туралы продюсер өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Солистердің келіп-кетуі жайлы айтудан шаршадым, нәтижесінде әйелдің тағдыры – отбасын құру! Бізге жас әрі дарынды қыз Ақбота келіп қосылды, жасы 17-де. Ол Элизаттың орнына келді, ал Элизат жақында тұрмысқа шығады, оған отбасылық өмірде бақыт тілеймін! Ал Ақботаға шығармашылықта еңбекқорлық және сәттілік» (Пунктуация мен орфография сақталды. –Ред.), - деп жазды Баян Алагөзова.

Былтырғы жылдың басында продюсер Kesh You мүшелерін төрт қызға дейін көбейткен. Жаңартылған топта Балжан Бидаш, Сара Амангелді, Назым Әбілдина және Элизат Берікова болды. Аталмыш құрам «Неге?», «Қалай ғана?» және «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының саундтрегіне айналған «Махаббат баяны» әндерін жарыққа шығарған.

Еске сала кетсек, алдыңғы жолы герлз-бендтен Сара Амангелді де кеткен болатын.

 

Превью: Kesh You тобының жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса