È

Баян Алагөзова үлкен қызының тойы туралы айтып берді

Баян Алагөзова үлкен қызының тойы туралы айтып берді

Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек келер жылдың наурыз айында үйлену тойын өткізбек. Салтанатты шара мен болашақ күйеу баласымен арадағы қарым-қатынас жайлы Баян Мақсатқызы «Ревю»https://www.ntk.kz/ru/revu/2018-09-12/5878 бағдарламасында айтып берді.

«Айсәуле некелесіп қойған. Ол болашақ күйеу балам, керемет Әлішердің қалыңдығы болып табылады. Үйлену тойлары басынан бастап-ақ 9 наурызға белгіленген. Қыз ұзату бір апта бұрын жасалады. Өзім де тойдың наурызға жоспарланғанын білмедім, осы жазда болады екен деп жүрдім», - деді продюсер.

Айсәулеге тұрмысқа шығу жайлы ұсынысты бірнеше жыл жүрген жігіті жасады. Романтикалық оқиға «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында осы жылдың мамырында болған еді.

Баян Алагөзованың Instagram-дағы жеке парақшасынан
Баян Алагөзованың Instagram-дағы жеке парақшасынан

«Мен тамаша ене болатын сияқтымын. Әлішермен арадағы қарым-қатынасымыз өте жақсы. Менің керемет бір қасиетім бар – ешкімнің жеке өміріне араласпау. Өз өміріме де ешкімді араластырмаймын, тек бүкіл елден басқа (күліп). Шынымды айтсам, балаларымның жеке өміріне ешқашан араласпаймын. Ана ретінде мен үшін қызымның бақытты болуы маңызды. Болашақ жас отбасына тек бақыт тілеймін. Мен ылғи Айсәулеге өз мәселеңді өзің шеш деп айтамын», - деді Баян Алагөзова.

Бүгінде жас жұп ақырындап алдағы тойға дайындықты бастап кетті.

 

Превью: Баян Алагөзованың Instagram-дағы жеке парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер