È

Баян Есентаева эксклюзивті видео-сұқбат берді

Баян Есентаева  эксклюзивті видео-сұқбат берді

10 маусымда қазақстандықтар белгілі продюсер Баян Есентаеваның пышақталып, ауруханаға үскені жайлы жаңалық селт еткізді. Күдікті өзінің күйеуі Бакытбек Есентаев. Шулы жағдайға қатысыт небір алыпқашпа сөздер қаптады. Енді міне, араға үш ай салып, Баян Мақсатқызы сол бір қорқынышты күн жайлы өзі ашық айтып, нүктесін қоюды ұйғарыпты.

Тележүргізуші Динара Сатжанмен сұқбат барысында продюсер бірнеше мәрте күйеуімен ажырасуға өтініш жасағанын, бірақ күйеуінің бұған келіспегенін, өзіне қоқан-лоқы көрсеткенін мойындады.

«Мен қайталап айтайын, ол тамаша әке. Ол жақсы күйеу болды. Мені өзінше сүйді, мәселе менің сүйген, сүймегенімде болар. Мен оны сыладым, өзі қандай солай бар артықшылығымен, кемшіліктерімен қабылдауға тырыстым. Он был хорошим мужем. Мен оны сүйемін деп ешқашан айтқан емеспін. Бірге тұруға бейімделіп кеттік, арамызда балалар бар, бауыр бастық. Бірақ соңғы екі жыл әйел ретінде де, адам ретінде де маған өте ауыр болды. Мен қанша рет оған мәдениетті адамдарша ажырасайық деп айттым, ол бас тартты, егер сен кетсең, мен сені өлтіремін деп қоған-лоқы көрсетті. Мен оның бәріне бара алатын адам екенін жақсы білемін. Енді міне, қорқынышымының бекер болмағанын көріп отырмын», - деді Баян.

Тележүргізушының айтуынша, тұрмыстық, отбасылық зорлықты ол өз басынан өткізді. Сондай-ақ продюсер мұндай жағдай көп әйелдің басында бар екенін, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған нәзікжандылар заңды білмей, өзін-өзі қорғай алмай, қорқынышпен өмір сүретіндерін айтты. Осы оқиғадан кейін Баян Мақсатқызы әйелдерді қорғайтын қоғамдық ұйым құруды ойластырып отыр.

Алайда қазақстандықтарды бір ғана сұрақ қызықтырады: «Есентаева ортақ балалары үшін күйеуін кешіре ала ма?»

«мен дәл қазір қандай да бір шешім қабылдауға дайын емеспін. жақында бір фраза оқыған едім, егер қандай әрекет жасайтыныңды білмей басың қатса, заңға жүгін деген. Мен сот тиісті шешімді қабылдаса екен деймін, осы дұрыс болар», - дейді Баян.

Естеріңізге сала кетейік, күдіктінің қамаудағы уақыты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды. Даулы істің алғашқы тыңдалуы 14 қыркүйекке белгіленді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер