Баян Есентаева той көйлегімен түскен екінші суретін жариялады
Продюсер әрі актриса Баян Есентаеваның той көйлегімен түскен суреті «Wedding Four Seasons» той журналының алғашқы санының мұқабасында жарияланды. Желіге мұқабаның екі нұсқасы шықты: біріншісінде Баян Есентаева мен Тұрсен Алагөзов салтанатты киімдерімен тұрса, екіншісінде продюсер той көйлегімен және қалыңдық гүлімен түскен. Бұл шынымен де жұптың үйленгенін білдіре ме, әлде жәй ғана фотосессия болды ма, ол жағы беймәлім. Дегенмен, өткен жолдары ғашықтар осы көктемде бас қосатындарын айтқан болатын.
Баян Тұрсен Алагөзовпен бірге түскен суретін өзінің Instagram парақшасына жариялап, «Маған бақыт деген не деп жиі сұрақ қояды. Қазір мен оның жауабын білемін, бақыт – бұл Махаббат»,- деген жазба қалдырған.
«Wedding Four Seasons» журналының мұқабасы
Еске сала кетсек, продюсер мен кәсіпкердің жақын қарым-қатынасы туралы 2017 жылдың қаңтарында мәлім болған еді. Олар бірге түскен суреттерін Желіге жүктеген болатын. Белгілі болғандай, екеуі де некеде болғанда, өткен жылдың көктем мезгілінде танысқан. 2016 жылдың маусым айында болған оқиғадан соң Есентаева Бақытбек Есентаевпен ажырасты.
Қазіргі таңда Баян Есентаева «Баян» атты өмірбаяндық кітабын жарыққа шығару үстінде. Туынды қазақстандықтарға шілде айында ұсынылатын болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін