È

Бен Аффлек Бэтмен туралы фильмге режиссер болудан бас тартты

Бен Аффлек Бэтмен туралы фильмге режиссер болудан бас тартты

Бен Аффлек шешімді Warner студиясымен бірлесіп қабылдады. Ол «Бэтменнің» режиссерлық орынтағын босатуды ұйғарды. Бұл шешім оның алдыңғы «Закон ночи» фильмінің сәтсіздігінен кейін қабылданып отыр, осы фильмде ол өзі режиссер әрі бас кейіпкердің рөлін орындаған болатын.

«Оскар» жүлдесін екі мәрте иеленген актер «Бэтмен» жобасында тек Брюс Уэйннің рөлін ойнаушы ретінде, сондай-ақ продюсер ретінде жұмыс істейді.

Аффлек өз сұқбатында Бэтменнің рөліне толығымен беріліп кірісу керек екенін, сондықтан екі жауапты істі бір мезетте жоғары деңгейде атқаруға болмайтынын айтты. Нәтижесінде қазір ол және студия режиссер іздестіруде. Өз тарапынан Warner студиясы Бен Аффлектің таңдауын қолдады. Режиссерлыққа үміткерлер қарастырылуда. Фаворит Мэтт Ривз, ол «Планета обезьян: Революция» және «Планета обезьян: Война» фильмдерінің режиссеры.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса