Бен Аффлек әйелімен ажыраспақ
Өткен жыл белгілі жұлдызды жұптардың ажырасуымен есте қалды. Биыл тыныштық орнады ма десек, олай емес екен. Дженнифер Гарнер, Бен Аффлектің әйелі ажырасуға арыз берді. Жұбайлар екі жылдан бері бірге тұрмайды екен, алайда ресми түрде ажыраспаған. Олар арадағы балалары үшін қарым-қатынастарын жақсартуға тырысқан, бірақ әрекеттері нәтижесіз болды. Дженнифер күйеуінің өзге әйелмен көңіл көтергенін кешіре алмады. Олардың үйленгендеріне 10 жыл толу қарсаңында Беннің бала күтушісімен арада байланысы бары белгілі болды.
Гарнер мен Аффлек бір-бірімен 2001 жылы «Перл-Харбор» картинасының түсірілімі кезінде танысқан еді. Олар 2005 жылы отбасын құрды. 12 жыл отасқан отбаасының 3 баласы бар.
Бен Аффлек өткен жылы «Бэтмен против супермена: На заре справедливости» фильмінде Бэтменді ойнады және өзінің «Закон ночи» картинасында басты рөлді ойнады, ол осы жобаның режиссеры ретінде де жұмыс істеді.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін