È

Берлинале 2018: негізгі байқау бағдарламасында мексикалық Алонсо Руис Палашиостың «Мұражай» фильмі көрсетілетін болады

Берлинале 2018: негізгі байқау бағдарламасында мексикалық Алонсо Руис Палашиостың  «Мұражай» фильмі көрсетілетін болады

Бүгін Германияның астанасы Берлинде Канн фестивалі және Венеция фестивалімен қатар Еуропаның ең беделді кинофорумының үштігіне кіретін 68-ші Берлин кинофестивалінің ашылуы өтті. Мексика аталмыш фестивальге Алонсо Руис Палашиостың «Мұражай» фильмімен қатыспақ. Бұл фильм негізгі байқау бағдарламасында көрсетіледі. 2014 жылы Руис Палашиос үздік дебюті арқылы Алтын аю жүлдесін иеленген. Жүлдені «Гуэрос» комедиясымен алды.

Режиссердің «Мұражай» жаңа таспасы шынайы оқиғаға негізделген. Фильмде жұмыстан қуылған екі мал дәрігері туралы баяндалады, олар Мексикада үлкен қарақшылық шабуыл жасауды ұйғарады. Жұп Мексиканың ең үлкен Антропология мұражайын тонауды көздейді. Руис Палашиостың айтуынша, «Мұражай» мексикандықтардың өткен тарихымен тығыз байланысын зерттейді.

Қылмыстық драмадағы басты рөлді халықаралық деңгейдегі ең танымал мексикандық актерлердің бірі және белгілі мексиканшы Алехандро Гонсалес Иньярритудың («Аман қалған» фильмімен 2016 жылғы «Оскарды» иеленген) «Вавилон» және «Махаббат тәлкегі» фильмдерінде ойнаған Гаэль Гарсиа Берналь сомдады.

«Мұражай» фильмінің әлемдік көрсетілімі Берлиналеде 22 ақпанда өтеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер