È

«Менсіз»: ресейлік мелодрама фестивальді тұсаукесерлерге ие болды

«Менсіз»: ресейлік мелодрама фестивальді тұсаукесерлерге ие болды

Режиссер Кирилл Плетневтің («Анашым мәңгілік», «Жақ!») ресейлік «Менсіз» мелодрамасы қазандағы айналым алдында фестивальді тұсаукесерлерге ие болды. Осы айдың басында, 3 қыркүйек күні «Менсіз» канадалық Монреаль қаласындағы 42-ші Халықаралық кинофестивальде Focus on World Cinema бағдарламасы аясында көрсетілген еді. Осылайша, көрермендер мен сыншыларға арналған Плетнев фильмінің әлемдік тұсауы кесілді.

Ресейде «Менсіз» алтыншы «Қозғалыс-2018» Ұлттық дебюттер фестивалінде көрсетіледі. Бұл кинофорум Омскіде 26-30 қыркүйек аралығында өтеді. Плетневтің таспасы фестивальдің жабылуында көрсетіледі және көрермендер оны 30 қыркүйек тамашалай алады. Ресейдегі картина тұсаукесеріне Омскке Кирилл Плетневтің өзі мен Кира рөлді сомдаған актриса Полина Максимова («Кері санақ», «Есімде – есімде жоқ!») келеді.

 

Фильм трейлері мен ұсынылған үзінділерге қарасақ, Дарья Грацевич («Мені сатып алшы», «Опасыздық» хикаясы) жазған сценарий көрермендерге көптеген тосын сый әзірлеп қойған сияқты. Сүйікті ер азаматы (Риналь Мұхаметов, «Суық танго», «Тартылыс») қайтыс болған соң, кезінде жігітті жақсы көрген мінездері екі түрлі бойжеткендер түрлі хабарламалар ала бастайды және оның авторы бұрынғы ғашықтары екенін түсінеді. Олар алыс жолға шығып, ғажайыптың боларына сенеді, жұмбақ хабарламалар арқылы құпияны шешетіндеріне сенімді болады.

«Менсіз» мелодрамасы 2018 жылдың 11 қазанында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист