È

Бибігүл Ақтан және Әнуар Нұрпейісов бензин бағасының өсуіне қарсы

Бибігүл Ақтан және Әнуар Нұрпейісов бензин бағасының өсуіне қарсы

Бүгін, 10 қазан күні Алматыда бензин бағасының өсуіне қарсы наразылық акциясы болады. Шара қатысушыларының ішінде актриса Бибігүл Ақтан («Fake: Өзіңді сақта») және актер әрі продюсер Әнуар Нұрпейісов («Қызғылт қоян туралы хикая») бар.

Қаланың автожүргізушілері жанармай бағасын төмендетуді талап етіп, қарсы акция ұйымдастырып жатыр. Көліктер авариялық белгіні қосып қойып, бір сағат бойы тоқтап тұрмақшы. Акция Абай даңғылында, Достық пен Фурманов көшелерінің аралығында болады.

Еске сала кетсек, отандық автожүргізушілер бензин бағасының күрт өсіп кетуіне қарсы шыққан болатын. Қазіргі таңда АИ 92 бензин литрінің бағасы 151 теңге болса, ал АИ 98 жанармайы 181 теңгеден сатылып жатыр. Қазақстандықтар бензин бағасына ғана наразылық танытып жатқан жоқ. Көптеген жанармай бекеттерінде бензин талон арқылы ғана беріліп отыр.

Акция сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер