È

Бибігүл Сүйіншалина гүлдер студиясын ашты

Бибігүл Сүйіншалина гүлдер студиясын ашты

Бибігүл Сүйіншалина BBGUL атты жеке гүлдер студиясын ашты. Актриса бұл кәсіпті бекер таңдаған жоқ, себебі Бибігүл араб тілінен аударғанда «гүлдер ханымы» дегенді білдіреді.

«Мен гүлдерді өте жақсы көремін, сондықтан әйелдерімізді қуантатын кәсіп ашқым келді. Студиямыздың басты мақсаты – ерлерді сүйіктілерін тек мерекелерде ғана емес, жиі қуантып тұруға шақыру. BBGUL-дің негізгі бағыты – еуропалық бағытта көркемделген әдемі гүл шоқтары. Гүл шоқтарымыздың бағасы 5 000 теңгеден жоғары. Гүлдеріміздің барлығына қол жетімді болғанын қалаймыз», - деді Бибігүл.

Актрисаның айтуынша, студиядан кез-келген талғамға сай гүл шоқтарын табуға болады, сонымен қатар гүлдерді авторлық қорапшаларға оралған ерекше сәнді таңдай алады. Гүлдер салонға Голландия мен Эквадордағы David Austin Roses және Foxy Roses сынды әйгілі брендті атауы бар жылыжайлардан келеді.

«Тобымыз студия имиджіне, логотип жасауға және ресми сайт ашуға аса жауапкершілікпен қарады. Әзірге онлайн түрде жұмыс істейміз. Дүкеннің салтанатты ашылу шарасын Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткіземіз»,- деп қоса кетті Бибігүл Сүйіншалина.

Превью: Руслан Тағаев

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

17 февраля 2018, 01:58

Молодеца Красавица Бибигуль, оставайся всегда такой.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер