«Благодать»:алғашқы кадрлар
Режиссер Джеймс Марш («Теория всего») кезекті шедеврін әзірлеуде. Бұл жолы «Благодать» фильмі алпысыншы жылдардағы белгілі авантюрист және яхтсмен Дональд Кроухерст тура.1968 жылы британдық кәсіпкер Дональд Кроухерст банкроттықтан қорғану үшін Sunday Times ұлттық газетінің байқауына қатысуға бел байлайды. Байқаудың тапсырмасы - кемемен бәрінен де жылдам дүниежүзін аралап келу. Жүлде - «Алтын глобус». Бірнеше апта өткеннен кейін басты кейіпкер бағытынан жаңылып, басқа қатысушылардан қалып қояды. Нәтижесінде ол жарыс қорытындысын өзгертіп, жалған жолмен жеңіске жетуге ұмтылады. Бірақ ол Атлант мұхитының кеңістігінде із-түссіз жоғалып кетеді. Болжам бойынша Дональд Кроухерст өзіне өзі қол жұмсайды. Оның өлімінің себептері нақты белгісіз. Мұндай шешім қара жәшіктегі соңғы жазбаға байланысты жасалды: «Әрине, әрине, міне береке, міне, нағыз рахат. Мен ойыннан шығамын» делінген. Фильмде Кроухерсттің рөлін Колин Ферт, ал оның жұбайын - Рэйчел Вайс ойнайды.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін