Брэд Питт Анджелина Джолимен араларындағы балаларға тең дәрежеде қамқорлық көрсетуді талап етіп, АҚШ сотына сұрау жолдады. Қазір жұлдыздар бөлек тұрып жатыр, балалары Джолимен бірге. Голливуд жұлдызының жақын танысы бүгінде Анджелинаның тек балаларға ғана баса назар аударып, оларға көп уақыт бөдетінін айтты. Ажырасуға арыз берілген соң жұбайлар бір рет те жүзбе-жүз кездеспеген, келіссөздер адвокат арқылы жүргізілуде.
естеріңізге сала кетейәк, қыркүйектің ортасында Анджелина Джоли Брэд Питтпен ажырасуға арыз жазды. Оның айтуынша бұған себеп болған күйеуінің балаларға дұрыс тәрбие бере алмауы. Анджелина Питтің есірткіні жиі қолданатынын, ішетінін, балаларға қол көтеретінін айтып шағымданды. Осыдан кейін актер өзін өзі ақтау үшін, есірткі мен ішімдікке тәйелдіь емес екенін дәлелдеу үшін қан талдамаларын да жасады.
Анджелина мен Брэд 2005 жылдан бері бірге, олар 2014 жылы некелерін қиды. Олар өздерінің 3 баласы мен асырап алған 3 баланы тәрбиелеп отырған болатын.