Жақында «Механик. Воскрешение» фильмінің тұсаукесері өтті, басты рөлде Джейсон Стэйтем ойнады. Журналистерге берген сұқбатында ол өзінің драма ойнауға жаралмағанын айтты. Британияның тумасы Джейсон Стэйтем қазір 49 жаста, ол бүкіл әлемге «Перевозчик» фильмінен кейін танымал болды.
«Механик. Воскрешение» фильмінің тұсаукесерінен кейінгі баспасөз жиынында ол атыс-шабыс жанрындағы фильмдердегі рөлі жақсы шығатынын айтты. Актердің айтуынша мұндайда тәжірибе маңыздырақ.
«Механика. Воскрешение» фильмінің режиссеры Деннис Ганзель де солай ойлайды екен. Оның айтуынша, Стэйтем - боевиктердің нағыз жұлдызы. Ганзель актердің түсірілім алаңында трюктерді қандай махаббатпен ойнағанын бақылаған, актерден жақсы каскадер де шығар еді.