È

«Адамзат бюросы»: Николас Кейдж фантастикалық атыс-шабыс фильмінің дубляждалған трейлерінде

«Адамзат бюросы»: Николас Кейдж фантастикалық атыс-шабыс фильмінің дубляждалған трейлерінде

Николас Кейдждің жанкүйерлері үшін керемет жаңалық! Бұл жоғары өнімді актер «Адамзат бюросы» фантастикалық атыс-шабыс фильміне түсті. Фильмдегі оқиға алдағы болашақта өрбиді. Климаттың өзгеру салдарынан әлем үлкен сахараға айналды. Кейдждің кейіпкері жалғызбасты ана мен оның ұлын құтқаруға аттанады, сол үшін ол бар шындықты білуі тиіс. Актердің бұл рөлі алдыңғы жұмыстарына ұқсайды.

Ресми синопсисі келесідей болмақ: алдағы болашақта өзгерістер орын алады. Ол америкалық Орталық Батыстағы аудандарға зиянын тигізеді. «Адамзат бюросы» деп аталатын билік мекемесі экономикалық құлдырауды тоқтатуға тырысады. Ол үшін тиімділігі аз болып саналатын қоғам мүшелеріне, «Жаңа жұмақ» атты танымал колонияға жүгінеді.

Әлеуметтік қызметтің өршіл әрі әділ қызметкері Ноа Кросс (Николас Кейдж, «Айна», «Ана мен әке») тергеумен айналсады. Жағдай Кроссты жалғызбасты ана Рэйчел Уэллермен (Сара Линд, «Фарго» хикаясы) және оның ұлы Лукаспен (Джейкоб Дейвис, «Егер мен қалсам») тоғыстырады. Бейкүнә баланың әділетсіз тағдырына куә болған Кейдждің кейіпкері ана мен баланың өмірін құтқару үшін және бар шындықты «Адамзат бюросына» айтып беру үшін жолға аттанады.

«Адамзат бюросы» фантастикалық атыс-шабыс фильмі ауқымды айналымға 2018 жылдың 6 сәуірінде шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер