È

«Ана мен әке»: Кейдж есінен адасты

«Ана мен әке»: Кейдж есінен адасты

«Ана мен әке» таспасы биылғы күзде алғаш рет Торонтодағы Халықаралық кинофестивальде таныстырылды. Көрермендер мен сыншылар таспаны арнайы, танымал Midnight Madness («Түнгі ессіздік») көрсетілімі кезінде тамашалады.

«Ана мен әке» комедиялық хоррорының алғашқы трейлерінің арқасында Николас Кейдждің («Крейсер», «Сноуден») кейіпкерімен танысамыз. Ол өте тәртіпті әкәнің рөлін сомдайды. Әкей қала сыртындағы үлкен үйде тұрады, әйелімен бірге (Сэльма Блэр, «Қарапайым әлем», «II Хеллбой: Алтын әскер») екі баланы тәрбиелеп отыр. Бір күні үлгілі ата-ананың ойына балаларын өлтіру туралы ой келеді. Жасөспірім қыз кішкентай інісі екеуі сұмдық 24 сағатты бастарынан өткеруі тиіс, сол уақытта ата-аналар белгісіз ашуларын балаларынан алады.

Режиссер Брайан Тейлор («Геймер», «Адреналин») түсірілім кезінде барлығына бала күнінен жақсы таныс «Үйде жалғыз қалғанда» рождестволық комедиясын мысал ретінде алған. Бұл ремейк ессіздікке толы, ал Николас Кейдж үйіндегінің барлығын оңды-солды шашып, есінен адасады.

«Ана мен әке» фильмінің тұсаукесері 2018 жылдың 19 қаңтарында болмақ.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:47

,,,???? необычно

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер