«Құмырсқа адам және Сона»: бас айналдырар автомобильді қудалау

Жақында шыққан «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» эпигінен жанкүйерлердің басы әлі айналып жүр, бірақ Marvel студиясы оларға келесі айдың басында айналымға шығатын «Құмырсқа адам және Сона» атты 20-шы фильмімен асыға қадам басуда. «Жоспарлар өзгерді» атты дубляждалған жаңа бейнебаянда бас айналдырар автомобильді қудалауды көруге болады. Сона (Эванджелин Лилли, «Хоббит», «Тірі құрыш») суперқаһарманы арқылы жақсы таныс Хоуп ван Дайн стандарттан тыс жағдайда көлікті сенімді түрде жүргізе алатынын көрсетеді.
Ролик кейіпкерлердің лезде кіші көлемге өзгере алатын қабілетін сипаттайды. «Алғашқы кек алушы: Қарсы тұру» фильміндегі оқиғалардан соң, Скотт Лэнг немесе Құмырсқа адам (Пол Радд, «Мылқау», «Шарап жасаушылар ережесі») суперқаһарман ретінде ғана емес, әке ретінде де шайқасқа түседі. Ол барынша өмірінің теңсіздігін қалпына келтіруге тырысады. Оған жаңа міндетін орындау барысында Сонадан бөлек, иелерін үлкен және кіші көлемге оңай өзгерте алатын ғажайып костюмдерді жасаушы дәрігер Хэнк Пим (Майкл Дуглас, «Құпия агент», «Аман қалу ойыны») көмектеседі.
«Құмырсқа адам және Сона» комиксі 2018 жылдың 5 шілдесінен бастап ауқымды айналымға шығады.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін