«Құмырсқа адам және Сона» фильмінің түсіріліміне қатысты алғашқы көзқарас
Көрермендер алғаш рет «Құмырсқа адам және Сона» фильмінің түсірілім алаңындағы тың суреттер мен бейнежазбаларды тамашалай алады.
Marvel-дің суперкейіпкерлі жаңа фильміндегі басты рөлдерді Эванджелин Лилли, Пол Радд және Ханна Джон-Кэймен сомдайды.
Соңғысы сиквелдің басты супержауызы – Елестің образында көрінеді.
Сюжеті «Алғашқы кек алушы: Қарсы тұру» фильмінен кейінгі оқиғаны баяндайды.
Скотт Лэнг немесе «Құмырсқа адам» жеке таңдауынан кейінгі нәтижелерін ұғынуға тырысады, суперкейіпкер немесе жақсы әке болып қалудың маңыздылығын анықтайды.
Алайда, оның отбасылық өмір мен әлемді құтқаруға қатысты теңдігін Хэнк Пим (Майкл Дуглас) дәрігер мен Хоуп Ван Дайн (Эванджелин Лилли) үзеді, оларға Лэнгтің көмегі ауадай қажет. Сондықтан, Скотт қайтадан суперкейіпкердің киімін киіп, Сонамен бірге дұшпандарға қарсы шығуға тура келеді.
Картина режиссері: Пейтон Рид.
Сондай-ақ, фильмге Джереми Реннер, Мишель Пфайффер, Лоренс Фишбёрн, Майкл Пенья және Рэндолл Парк түседі.
Кинокомикстің тұсаукесері 2018 жылдың 5 шілдесінде болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін