È

«Шимай дәптер»: ресейлік фэнтезидің жаңа көріністері мен постері

«Шимай дәптер»: ресейлік фэнтезидің жаңа көріністері мен постері

Фэнтези стиліндегі «Шимай дәптер» ресейлік блокбастері көрсетілімге жақсылап дайындалуда. Фильмнің бірнеше көріністері мен постері жарыққа шықты. Бұл жобаға «Түнгі дозор» және «Күндізгі дозор» сценарийлерінің авторы, танымал фантаст жазушысы Сергей Лукьяненконың романы негіз болды.

Режиссёрі: Сергей Мокрицкий («Севастополь үшін шайқас»).

Рөлдерде: Никита Волков («Аяз ата. Сиқыршылар шайқасы», «Екі әйел»), Евгений Ткачук («Өлке»), Юлия Пересильд («Севастополь үшін шайқас», «Өлке»), Ольга Боровская, Евгений Цыганов («Брест қамалы»), Ирина Хакамада («Бақытты өмірдің қысқаша курсы»), Северия Янушаускайте («Жұлдыз»), Андрей Мерзликин («Әңгімелер», «Брест қамалы»).

Мәскеулік жас Кирилл — компьютер ойындарының талантты дизайнері.

Бір күні ол барлық танитын және жақсы көретін адамдарының жадынан бір-ақ сәтте жоқ болады.

Кирилл маңызды құпия міндетке таңдалғанын біледі.

Оның мақсаты - параллель әлемдердің арасын байланыстырушы болу.

Кирилл осы жұмбақ әлемдердің құпиясын ашып, оларды кім және не үшін басқарып отырғанын анықтай ала ма?

«Шимай дәптер» Қазақстандағы айналымға 14 ақпан күні шығады.

Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы - Meloman Entertainment компаниясы.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса