È

«Шимай дәптер»: Сергей Лукьяненко кітабы бойынша түсірілген фантастикалық экшнның алғашқы трейлері

«Шимай дәптер»: Сергей Лукьяненко кітабы бойынша түсірілген фантастикалық экшнның алғашқы трейлері

Көрермендер үлкен экраннан Сергей Лукьяненконың фантастикалық бестселлерінің экрандауын көптен бері көрмеген еді. Тимур Бекмамбетов түсірген «Түнгі барлау» және «Күндізгі барлау» блокбастерлері сәтті шығып, жақсы касса жинаған болатын. Бірақ, қазір болжам жасау қиын, Лукьяненконың фантастикалық прозасы он жылдан астам жыл бұрынғыдай «Барлаулар» секілді кинотеатрларға баруға тұралықтай жақсы шыға ма, жоқ па, оны ешкім әлі білмейді.

Бұл жолы «Шимай дәптердің» сюжетінде ешқандай қаіншерлер мен мақұлықтар жоқ. Басты кейіпкер, компьютерлік ойындардың жас дизайнері Кириллдың өмірінде бақытқа қатысты дүниенің барлығы – сүйікті ата-анасы, жақсы қызмет, достар, әдемі қалыңдығы бар. Бірақ, бір күні оның тамаша өмірі ойран болады, кейіпкер жақындарының есінен «шығып» қалады. Кирилл бір де бір ақпарат базасында жоқ, оның пәтерінде бөтен біреулер тұрып жатыр. Сөйтсе, бұл жаңа міндеттің бір бөлігі екен: енді ол қос әлемнің арасындағы «байланыс» іспетті болады. Кейіпкер үнемі өзгеріп, қорқыныш туғызатын Мәскеудің көптеген қырларын байқайды. Сонда, Жер – Әлемнің жүздеген өлшемдері үшін «шимай дәптер» секілді болғаны ма?

Бұрын режиссер Сергей Мокрицкий «Севастополь үшін шайқас» әскери блокбастерін түсіріп, табысқа кенелген еді. Картинада басты рөлдерді сомдаған Юлия Пересильд пен Евгений Цыганов режиссердің жаңа фильмінде екінші қатардағы рөлдерді ойнайды. «Шимай дәптердің» актерлік құрамында Евгений Ткачук, Ольга Боровская, Андрей Мерзликин, Никита Тарасов және Ирина Хакамада бар, ал басты рөлде - актер Никита Волков («Эластико», «Өлімші би»).

«Шимай дәптердің» Қазақстандағы тұсаукесері 2018 жылдың 15 наурызында болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер