Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмі Берлин кинофестиваліне қатыспақ
Тимур Бекмамбетовтың («Бен-Гур», «Өте қауіпті») жаңа режиссерлік жобасының тұсаукесері 2018 жылдың ақпанында Берлин кинофестивалінде болады. Оның «Профиль» атты ағылшын тіліндегі картинасы фестивальдің байқаудан тыс Panorama бағдарламасына енді.
«Профиль» – АҚШ, Ұлыбритания мен Кипр өндірісіндегі аз бюджетті жоба. Таспа халықаралық ірі террористік ұйымның хакерлер тобына кіріп, жасырын түрде жұмыс істеп жүрген журналист туралы баяндайды.
Кезекті Берлин кинофестивалі Германияның астанасында 2018 жылдың 15-28 ақпан аралығында өтеді. Бұл жолы негізгі байқаудың қазылар алқасының төрағасы неміс режиссері Том Тыквер («Патшаға арналған голограмма», «Бұлтты атлас») болмақ.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін