Аргентинада атақты футболшы, және әлем чемпионы Диего Армандо туралы фильмнің түсіріліміне дайындық жүріп жатыр. Футболшы мен жатттықтырушының айтуынша,оның өмірі туралы жүз эпизод түсіруге болады және бұл оның өмірінің тек бір айы ғана болмақ. Өте ерекше тұлға, оның кемшіліктері де жоқ емес, жеке өмірінде де, карьерасында да проблемалар жетерлік, бірақ ол 1986 жылы Аргентина еліне әлем чемпионатында жеңіс сыйлады. Марадона жайлы 2008 жылы Эмир Кустурица «Марадона» деп аталпатын фильм түсірген болатын. Картина атақты футболшының өмірін және әлем чемпионатындағы жеңісін анық көрсеткен, оның ағылшынлардың қақпасына соққан шешуші голы тамаша көрсетілген. Сериалдың тұсаукесері қашан болатыны әзірге белгісіз, сериал басқа елдің көрермендеріне бейімделе ме, бұл жағы да әзірге белгісіз.