È

Айсұлу Әзімбаева не оқиды екен?

Айсұлу Әзімбаева не оқиды екен?

Негізі, қанша кітап оқығаның емес, солардың ішінен өзіңе қажетін ала алғаның маңызды деп жатады ғой. Бұл пікірмен актриса Айсұлу Әзімбаева да келісетін шығар. Актриса әлемге деген көзқарасын өзгерткен туындылар туралы «The Steppe» интернет басылымына айтып берді.

Әртістің жеке топтамасына жеті туынды енген. Олардың алғашқысы - Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы. Актриса соңғы уақыттарда қазақ әдебиетін жақсы оқып жүргендігін атап өтті. Оның жеке кітапханасында Сәбит Мұқановтың, Ғабиден Мұстафиннің, Мағжан Жұмабаевтың және Мұхтар Әуезовтің орыс тіліне аударылған туындылары бар.

Отандасымыз орыс классикасын да айналып өтпеді. Әртістің кітап сөрелерінен Михаил Булгаковтың «Мастер мен Маргарита» романын, Иван Буниннің «Қараңғы саяжолдар» әңгімелер жинағын және Владимир Маяковскийдің «Өлеңдерін» табуға болады.

Сурет: the-steppe.com

«Мен Маяковскийді мектеп кезінен бері жақсы көремін, бұл алғашқы жолдардан-ақ басталған махаббат болатын. Мектеп бітіргенімен 13 жыл болды. Бірақ, оның өлеңдерін оқығанда қайтадан қаным қайнап, жігерлене түсемін. Мен Маяковский секілді жақсы көргім келеді, мені де дәл Маяковскийді жақсы көргендей сүйсе деймін. Жалпы, Маяковский ақынның образы өлеңдерін оқыған сайын менің шабытымды оятады»,-деп бөлісті Әзімбаева.

Актрисаның жеке кітапханасында Грегори Робертстің «Шантарам» бестселлеріне де орын табылды. Актрисаның айтуынша, роман оны ғажайып Үндістанға саяхат жасауға шабыттандырған.

Айсұлудың сүйікті кітаптарының арасына Маргарет Митчеллдің «Желмен ғайып болғандар» романы және Кэрролл Льюистің «Ғажайып мекендегі Алисаның бастан кешкендері» туындысы кірген.

 

Превью: weproject.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист