È

«Қара Ілбісін»: жоба бастамасы. 2 бөлім

  «Қара Ілбісін»: жоба бастамасы. 2 бөлім

Режиссёр әрі сценарист Райан Куглер кейіпкерлерді дамытудағы шеберлігімен ерекшеленеді, ол 2013 жылы тәуелсіз кино саласындағы өз мансабын басты рөлдегі Майкл Бакари Джорданның қатысуындағы көптеген марапатқа ие болған «Фрутвейл бекеті» драмасынан бастады. Куглердің Майкл Б. Джордан мен Сильвестр Сталлоне бірге түскен келесі фильмі «Крид: Рокки мұрасы» киноматографтағы беделін арттырды. Оның жаңа картинасына деген ынта-жігері таң қалдырды. Жұмысының алғашқы қадамдары бізді шабыттандырды.

«Райан Куглер – ғажап маман, - дейді продюсер Кевин Файги. – Ол уақыт сынағына төтеп беретін екі картина түсірді. Жаңа картинасына деген құлшынысы біздікінен кем түспеді, сонысы қуантты. Оның идеялары картина көлемінің кеңейтілуіне шабыттандырды».

Куглердің Кевин Файгимен әңгімелесуі «Қара Ілбісін» жобасына қатысуын анықтаған маңызды сәт болды.

«Кевиннің жұмысын қатты жақсы көретін адам екені көрініп тұр»,-дейді Куглер, «Кевиннің әлемдік кино және поп-мәдениет туралы өзіндік көзқарасы бар. Ол өз ісінің шебері, сондай-ақ бірден кейіпкер мен сюжеті өзгертуге қабілетті, бұл өте маңызды».

Куглердің кинематография саласындағы еңбегі Файги мен Marvel командасын таң қалдырды, сондай-ақ ол бұрыннан «Қара Ілбісіннің» жанкүйері болғандықтан, Ваканд әлемін үлкен экранға шығару мүмкіндігіне шын қуанды. Бұл таңғажайып саяхат Куглердің Джо Роберт Коулмен бірге жазған сценарийінен басталды.

Вакандтың фантастикалық әлеміне қарамастан, сценаристер осы елдің мәдениетінің рухани, тылсым және технологиялық аспектілерін шынайы бейнелеп, кейіпкерлерді тірідей түсінікті қылып көрсетті, соңында көрермендердің керемет сезімге ие болғандығын қалады.

«Қара Ілбісін» Қазақстанда 26 ақпаннан бастап көрсетілімге шығады.

Фильмнің Қазақстандағы таратушысы Meloman Entertainment компаниясы болып табылады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:41

это Фентези и боевик. все идеально

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер