Дариға Назарбаева және Бауыржан Байбек отандық кинематографтың болашағын талқыға салды
Алматы қаласында, Smart Point базасында жастардың Дариға Назарбаева және Бауыржан Байбекпен кездесуі өтті. Президент жолдауында 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды, осыған байланысты кездесу барысында жас ұрпақтарға қатысты түрлі тақырыптар қозғалды.
Актер әрі депутат Асылхан Төлепов «Патриоттық 50 фильм» жобасын ұсынды, сол арқылы ортамызда жүрген нағыз батырлардың әрекеттерін үлгі ретінде көрсету керектігін айта кетті. Бұл жоба арқылы ол өмірді құтқаратын дәрігерлер, өрт сөндірушілер жайлы немесе еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқан жазушылар мен шахтерлар туралы картиналарды түсіру қажеттілігін меңзеді. Мұндай картиналар арқылы өскелең ұрпаққа жақсы үлгі көрсетуге болады.
«Бүгінде кинематографымызда көптеген фильмдер түсірілуде. Бұл әрине қуантады. Бірақ, біреу сапа жағын ойлап жатыр ма? Жоқ. Кино - бұл идеология. Голливуд ойдан шығарылған құтқарушы-батырлар жайлы фильмдерді бекер шығарып жатқан жоқ, өйткені Америка – ғажайыптар елі, ол жақта әрбір тұрғын – батыр. Ал бізде ше?», - деп қоса кетті Төлепов.
Асылханның айтуынша, аталмыш идеяны Дариға Нұрсұлтанқызы қолдай отыра, оның орындалуына мүмкіндік бермек.
Еске салсақ, Асылхан Төлепов «Жаужүрек мың бала» фильмінен кейін танымалдылыққа ие болды, ал 2016 жылдың наурызында Алматы қаласы мәслихатының депутаты атанды. Биыл оның қатысуымен айналымға «Мықтылар уақыты» және «Қаржыгер. Шығу ойыны» картиналары шықты.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
13 қараша 2018, 00:25Думаю его место в кино, а не в политике