Дарья Александрова Томас Аткинсонның жұбайын ойнады
Британдық BBC телеарнасы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан жайлы бейнеролик түсірді. Бейнеролик британ зерттеушісі Томас Аткинсонның Орталық Азияға саяхаты негізінде түсірілген.
Халықаралық жобаның түсіріліміне қазақстандық актриса Дарья Александрова қатысты. Ол Томас Аткинсонның жұбайы - Люсяның рөлін ойнады. Видеода жұбайлардың Жоңғар Алатауының баурайындағы Қапал жерінде болған сәттері бейнеленген.
BBC Worldwide вице-президенті Лори Сачсицкидің айтуынша телефильм қазақ халқының көпқырлы мәдениетін, дәстүрін көрсетуді, елдің жетістіктеріне басқалардың назарын аудартуды мақсат еткен.

Бейнероликтің түсірілімі Астанада, Алматыда және Алматы облысында өтті. Оған сондай-ақ Nomad Stunts каскадерлық тобы да қатысты.
Қазақстан туралы бейнеролик ВВС арнасында жақын күндері көрсетіле бастайды. Жобаны түсірушілердің айтуынша, фильмді Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Азия-Тынық мұхит елдеріндегі миллиондаған көрермен тамашалайтын болады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін