È

Дәурен Айдарқұлов: «Басымнан өткен жағдайларға өзім кінәлімін»

Дәурен Айдарқұлов: «Басымнан өткен жағдайларға өзім кінәлімін»

Актер әрі әзілкеш Дәурен Айдарқұлов жеке өмірімен бөлісті. Ол Instagram парақшасында бір кеште оқырмандарының сұрақтарына жауап қатты. Айдарқұлов мәлімдегендей, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет екеуі бірге тұрмайды, бірақ жақсы қарым-қатынаста екен.

«Ақботамен бірге тұрмаймын, себебі ол қарсы. Басты себебі – менің бірінші отбасым бар. Қазір жалғызбын. Ата-анаммен бірге тұрамын. Басымнан өткен жағдайларға өзім кінәлімін. Жақсы болсын, жаман болсын – барлығы өзімнің кесірімнен» (Пунктуация мен орфография өзгертілген – Ред.), - деді актер.

Бірінші жарын қолдап, бала-шағасымен көрісіп тұрады ма деген сауалға Дәурен былай деді:

«Бірінші әйеліме жаңа 3 бөлмелі пәтер сатып алып бердім. Екіншісін де баспанамен қамтамасыз еткім келеді, алайда қазір мүмкіндігім жоқ болып тұр, сондықтан пәтер ақысын төлеп тұрамын. Ал балалармен көрісіп тұруға еш кедергі жоқ. Оның үстіне, бірінші отбасымдағы үш балам жұмадан жексенбіге дейін өзім тұратын ата-анамның үйіне келіп тұрады» (Пунктуация мен орфография өзгертілген – Ред.).

Еске салсақ, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің бір баласы бар.

Кейбір оқырмандар актердің немен айналысатынына, қандай топты ұнататынына қызығушылық танытты. Әртістің сөзінше, ол «МұзАрт» тобының жанкүйері екен және канадалық әнші Майкл Бублені тыңдағанды жақсы көреді. Кинодағы түсірілімдерден бөлек, Айдарқұлов той ұйымдастыру орталығында жұмыс істейді.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

16 мамыр 2018, 23:12

Да Даурен, ты это четко сказал. Я с тобой полностью согласен.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер