Дэниэл Дэй-Льюис жұмысын тоқтатпақ
«Мұнай», «Линкольн», «Менің сол аяғым» және «Нью-Йорк бұзақылары» фильмдері арқылы танымал және алғашқы үш картина үшін «Оскар» сыйлығына ие болған актер кинодан кететінін мәлімдеді. Дэниел өзі қатысқан режиссер Пол Томас Андерсонның «Фантомды жіп» соңғы кинотаспасы шыққаннан кейін кетпек екен. Аталмыш режиссер «Мұнай» фильмін түсірген. Картина 27 желтоқсанда жарыққа шығады. Сюжет 1950-жылдардағы британ сән өндірісіне арналған. Дэй-Льюис жоғары санатты өкілдерге қызмет көрсететін сәнгерді сомдайды.
Дэниэл Дэй-Льюис бір кездері кинодан кеткен болатын. Бірақ, бес жылдан кейін Мартин Скорсезе оны кинематографқа қайта оралып, «Нью-Йорк бұзақылары» фильміне түсуге көндірген.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін