È

Дензел Вашингтон «Джорданға арналған күнделік» фильмінің режиссері болмақ

Дензел Вашингтон «Джорданға арналған күнделік» фильмінің режиссері болмақ

Дензел Вашингтон («Ғажайып жетілік», «Әйгілі теңестіруші») режиссер ретінде жаңа фильмнің түсіріліміне дайындалуда. Былтырғы жылы оның «Дуал» драмасы төрт «Оскар» иеленген болатын. «Израэл романы, Esq» фильміндегі басты рөлі үшін Вашингтон биыл жаңа номинацияға ие болды. Бірақ, оның режиссер ретіндегі қызығушылығы «Джорданға арналған күнделік» бестселлерінің экранды бейімдеуіне ауып отыр.

Былтырғы атышулы «Мадбаунд» фермасы» драмасының сценарий авторларының бірі Вирджил Уильямс журналист Дана Канедидің естеліктер жазбасымен айналысатын болады. Әйел аға сержант Чарльз Монро Кингке тұрмысқа шығады. Ирактағы әскери әрекеттерден соң Кинг күнделік жүргізе бастады, оған жаңа туылған ұлы Джорданға арнап, тәрбие сабақтарын жазатын. 2006 жылы 14 қазанда сержант минада жарылып, қаза табады. Ол кезде Джордан жеті айлық еді.

Кингтің ұлы Джордан ержетті, әкесінің сабақтарын жадына жақсылап түйіп өсті. Тәрбие құралы 200 беттен асатын. Бұл жазба балаға әкесі Ирактағы соғыстан оралмаған жағдайда берілуге тиіс болатын. «Джорданға арналған күнделік» - сондай-ақ, Дана Канедидің ұлына арнаған жазбасы, оған тілі шықпай жатып, жоғалтқан әкесі туралы баяндап жазатын. Бұл - анасының Чарльздің неліктен қайтыс болғанына бас қатырып, сансыз сауалдарға тап болғанын сипаттайтын баяндама. Бұл - бір-бірін қатты жақсы көрген, бірақ ерте айырылысып қалған Дана мен Чарльздің хикаясы.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер