Англия футбол командасының хэвбегі өзін актер ретінде сынап көрмек. Ол Гай Ричидің орта ғасырдағы король Артур туралы эпостың негізінде түсірген картинасына қатысты.Болашақ фильмнің атауы «Рыцари Круглого стола: Король Артур». Бекхэмге бұйырған рөл басты рөл емес, дегенмен негізгі рөлдердің бірі, ол Экскалибур қылышын алуға көмек берді. Картинада дөігелек үстелдің басқа да серілері туралы баяндалады, бұл - алты бөлімнен тұратын картиналардың алғашқысы. Тұсаукесері келесі жылдың жазында. Сондай-ақ кинолентаға Чарли Ханнэм, Эрик Бана, Джуд Лоу, Кэти Макграт және басқалар қатысты.
Бұл фильм Дэвид Бекхэмнің актерлық карьерасындағы басқа адамды сомдаған алғашқы лентасы, бұған дейінгі түскен фильмдерінде ол өзін өзі ойнайтын.