«Өрмекші торына шырмалған қыз»: Лисбет Саландерге бұл әлем керек емес, бірақ біздің әлемге Лисбет Саландер қажет

Саландер – швед жазушысы Стиг Ларссонның «Миллениум» танымал триллерлер трилогиясындағы батыл кек алушы қыз. «Өрмекші торына шырмалған қыз» картинасы романдар бөлімінің төртінші экрандауы болмақ. Лисбет Саландер бойында заманауи батырға тән қажеттінің бәрі бар: ол ақылды, тапқыр, өзінің әзәзілдерімен күреседі, бірақ оларға бағынбайды. Оның үстіне, ол жалдамалы қылмыскерлер мен зорлықшыларды – жолын кес-кестеген кез-келген жанды құрып, бүкіл әлемге қарсы шығуға дайын.
.jpg)
Бөлім жанкүйерлерін XXI ғасырда әділдік үшін күресетін ерекше әрі бірегей Лисбет Саландердің жаңа шытырмандары жайлы кезекті триллер күтеді. Кейіпкер қайтадан өте қауіпті әрі сұмдықтарға толы бағытқа бет алады.


Әлемнің мықты күштері Лисбет Саландерді өз жағына тартады. Олар бойжеткеннің бойында тағдыр тәлкегіне түскен қорғансыздарға әрдайым көмектесуге дайын батыл әрі қатал бүлікшінің барын білмейді, осындай ымырасыз батыр қазір де бізге қажет-ақ.
«Өрмекші торына шырмалған қыз» триллері 2018 жылдың 8 қарашасынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін