È

«Жабайы өмір»: Пол Даноның режиссерлік дебюті барлығын отбасылық драмамен таң қалдырды

«Жабайы өмір»: Пол Даноның режиссерлік дебюті барлығын отбасылық драмамен таң қалдырды

Белгілі актер Пол Дано («Окча», «Адам – швейцарлық қанжар») режиссер ретінде табысты дебют жасап, «Жабайы өмір» отбасылық әсерлі драмасын алдымен биылғы жылдың басында «Сандэнс» фестивалінде таныстырды, кейін Каннда бұл жоба үздік режиссерлік дебютке ұсынылатын «Алтын камераға» үміткер болды. Таспаның сценарийімен Дано экранның басқа жұлдызы - Зои Казанмен («Махаббат – ауру», «Біздің бренд – дағдарыс») бірге жұмыс істеді.

1991 жылғы Ричард Фордтың аттас романы негізінде қойылған «Жабайы өмірдегі» оқиға өткен ғасырдың 60-жылдары Монтана штатында болған. Жасөспірім Джо Бринсон (Эд Оксенбульд, «Сирек көбелек», «Сапар») қарапайым көшеде қарапайым үйде ата-анасымен бірге тұрады. Джоның әкесі - Джерри (Джейк Джилленхол, «Тірі», «Түн жамылғанда») – гольф алаңында көмекші болып жұмыс істейді, ал анасы Джанет (Кэри Маллиган, «Мадбаунд» фермасы», «Ессіз топтан жырақта») үй шаруасындағы әйел.

Жұмысынан айырылған Джерри отбасын асырау үшін штат аумағындағы алапат өртпен арпалысатын өрт сөндіру тобына қосылады. Оның үйде көп болмауы салдарынан, Джанетпен ара-қатынасы бұзыла бастайды, әйелдің басқа біреуі пайда болады. Ал экранды оқиғаның ең жас қатысушысы, отбасындағы барлық жағдайды көріп, қиналып жүрген Джоның өмірінде ең ауыр әрі құрдымға кетіретін кезең басталады...

«Жабайы өмір» драмасы Қазақстандағы айналымға 2018 жылдың 18 қазанында шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер