È

Джейк Джилленхолдың Бен Аффлектің орнына Бэтман рөлін ойнауға барлық мүмкіндігі бар

Джейк Джилленхолдың Бен Аффлектің орнына Бэтман рөлін ойнауға барлық мүмкіндігі бар

Соңғы бірнеше айдағы Бэтманнның айналасындағы тараған сыбыстан, Бен Аффлектің танымал комикс түсірілімдегі рөлін тастап кетуі мүмкін екенін аңғару қиын емес. Былтырғы жылдың тамыз айында осы сыбыстан кейін көпшілік Бэтман рөліне Джон Хэмма («Көңілді балақай», «Көрші тыңшылар») келеді деп топшылады, себебі ол аталмыш рөлге қызығушылық танытқан болатын. Бірақ, режиссер Мэтт Ривз бұл рөлге Джейк Джилленхолды («Тірі», «Түн жамылғысында») лайық деп санады.

Аффлекс пен Warner Bros. студиясының арасында біраз қозғалыс байқалды. Соңғы хабарламаларға сәкес, Беннің Бэтмен рөліне «жарамайтыны» расталды. Егер актер фильмге бар күшін салмаса, оны Джилленхол алмастырады. Студияның дереккөздерінің пікірі бойынша: «Джилленхол -Бэтман үшін ең жақсы нұсқа». Бірақ, Аффлек әлі де бұл кейіпкермен байланысты, себебі араларында келісім-шарт бар. Алайда, студия енді оған сенбейді. Егер Бен кетсе, Джейк келеді, бұл өзі бір қызық байланыс. Бұл жігіттердің екеуі де бір-бірінің тағдырын басқаратындығын біледі.

Былтырғы қараша айының соңындағы ақпарат бойынша, Джейк Джилленхолдың Бэтман рөлін сомдағысы келетіні белгілі болды, бірақ Warner Bros студиясы бұл болжамды 100% нақтылай алмады. Бәлкім, студия өз ойын өзгерткен шығар, дегенмен нәтижесі өздері болжағандай болып шықты. Аффлэк түсірілімнен шыға салысымен, Джилленхол іске кіріседі. Соңғы хабарларға сүйенек, Warner Bros. басшылары Бен Аффлектің әрекетіне әбден тойған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер