È

Дина Тасболатова мен Олжас Әлжанов Bella Ciao кавер әнінің бейнебаянына түсті

Дина Тасболатова мен Олжас Әлжанов Bella Ciao кавер әнінің бейнебаянына түсті

Желіде Bella Ciao танымал итальян халық әнінің кавер-нұсқасына түсірілген ерекше бейнебаян пайда болды. Ролик - Kinopark Theatres және Sicillian Restobar Coppola-ның музыкалық жобасы.

Bella Ciao («Қош бол, сұлуым») – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі итальян партизандарының әнұранына айналған халық әні. Оның пайда болу тарихы жөнінде әлі де дау туындап жатады, кейбіреулері әнді соғысқа дейін шыққан және оны күріш алқабында жұмыс істеген жұмысшылар орындады десе, енді бірі мұны XVI ғасырдағы өңделген француз балладасы дейді. Ал жауапты энтузиастар шығарманы романтикалық бағытта жасап, махаббат хикаясын баяндауды ұйғарды.

Бейнебаян түсірілімі шілденің басында Алматыда өтті. Бейнежазба режиссері - Марат Своик. Ғашықтар жұбын Олжас Әлжанов Арнайы өкілдер») және Дина Тасболатова («Саташ») сомдады. Сондай-ақ, роликке Гуля Юскаева, Мария Петлюх, Намиг Муссаев, Ерлан Бұхарбаев, Қуаныш Әлекбаев, Асқар Әлекбаев, Оксана Дурмушева және т.б. түсті.

Музыкалық бейнебаян түсіріліміне қоюшы-оператор Қанатжан Мырзағалиев, музыкалық продюсер Асқар Шәфи және дыбыс жазу студиясы Universal Asia Records атсалысты.

Музыкалық бейнебаянды мына жерден тамашалап, бағалауға болады: ► https://www.youtube.com/watch?v=WM5sdOTHM2o

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер