Disney, Lucasfilm және Кристиан Лубутен ерекше коллаборация ұсынбақ
«Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» ғарыш блокбастерінің экранға шығуының алдында Кристиан Лубутен жаңа фильм кейіпкерлерінің образына шабыттанғаны соншалық, ерекше туфлидің үлгілерін жасап шығарды.
«Disney компаниясы «Жұлдыздар соғысы» жобасына қатысты серіктестікті ұсынып хабарласқан кезде, ерекше таң қалдым. Мен мұндай ұсынысты күтпеген едім. Дегенмен, тосын сыйларды жақсы көремін, ал бұл сый мен үшін ерекше қызықты болды! Бір қарағанда, «Жұлдыздар соғысы» әлемі менен алшақтау сияқты көрінеді, бірақ мен Крейт қызыл ғаламшарының бейнесін көргенде, авторлардың неліктен маған хабарласқандарын түсіндім. Сол сәтте ойыма түрлі идеялар мен суреттер келе бастады», - деді Кристиан Лубутен.
Әйгілі дизайнер төрт туфлидің ерекше үлгісін ойлап тапты, олар фильмнің Рей, вице-адмирал Амилин Холдо, Капитан Фазма мен Роуз Тико есімді төрт кейіпкерінің мінезін сипаттайды. Әр модель СИД жойғыштарының формасына ұқсаған жарқыраған ерекше әшекеймен көмкерілген.
«Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» Қазақстандық айналымға 14 желтоқсан күні шығады.
Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы - Meloman Entertainment компаниясы.











пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін