Дизайнер тағы да іске кірісті
Өте сәтті шыққан «Одинокий мужчина» фильмінен кейін жеті жылдай тыныштық орнаған еді. Енді міне, Том Форд жаңа оқиғамен, жаңа жұлдыздармен бірге тағы да атқа қонды. Фордтың жаңа туындысы «Ночные животные» деп аталады, мұнда картина галереясының иесі бай-қуатты әйел және оның бұрынғы күйеуінің кітабы жайлы оқиға баяндалады. Бұрынғы күйеуі өзінің жұбайына жарияланбаған кітабының қолжазбасын оқып шығып, бағалауын өтінген. Ол сценарийді оқып отырып, оқиғаға еніп кетеді, кейіпкер кітаптан өзі туралы, өзінің өткен өірі жөнінде оқиды. Рөлдерде Эми Адамс және Арми Хаммер, сондай- ақ картинаға Джейк Джилленхол, Аарон Тейлор-Джонс, Майкл Шеннон және басқалар қатысады. Тұсаукесер осы жылдың желтоқсанында деседі.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін