«Zомбилэнд-ке қош келдіңіздер 2»: түсірілім қаңтарда басталады
Көптен күткен «Zомбилэнд-ке қош келдіңіздер 2» комедиялық хорроры жаңа бөлімінің түсірілімі келер жылдың қаңтарында, яғни атышулы бірінші фильмнің тұсаукесерінен соң он жыл өткеннен кейін басталады. Режиссер Рубен Фляйшер («Гангстерлерді аңдушы», «30 минутта үлгеру») Эмма Стоун, Эбигейл Бреслин, Вуди Харрельсон және Джесси Айзенберг сынды жұлдыздардан құралған негізгі актерлік құраммен бірге сиквелмен айналыспақ. «Zомбилэнд-ке қош келдіңіздер 2» сиквелі Фляйшер «Веном» комиксінің промо-турын аяқтаған соң, өндіріске жіберілетін болады.
«Мен толқып жүрмін, біз «Zомбилэндті» бастауға дайынбыз. Мен үлкен дайындық жұмыстарын жүргіздім, енді мен үшін нағыз армандардың орындалуына септігін тигізген сол актерлармен бірге түсірілімді бастауға дайынмын. Фильм туралы ойлап, Эмма, Джесси, Вуди және Эбигейлмен тағы бір мәрте кездесуге дайындалу расында да қызықты болды. Армандарым орындалып келеді. Иә, түсірілімнің басында ғана тұрмыз, бірақ бізде ерекше сценарий бар, барлығымыз шығармашылық жұмысты қаңтарда Джорджидебастауға дайынбыз», - деді қуанышты кейіппен Фляйшер шығармашылық жоспары жайлы.
«Zомбилэнд-ке қош келдіңіздер 2» комедиялық хорроры 2019 жылдың 11 қазанында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін