Америка таң қалдырудан жалықпайды:алдағы демалыста Лос- Анджелтесте тақырыбы ерекше The Dog Film Festival кинофестивалі өтеді, бұл байқау адамның жақын досы иттерге арналған. Бағдарламаның хронометражы әрқайсысы 90 минуттық 2 бөлімнен тұрады Бұған дейін фестиваль негізінен Нью-Йоркте өткізілген болатын. Ұйымдаструшысы - Petco Foundation қоры шараның билетін сатудан түскен қаржыны жануарларды қорғау қорларына қайырымдылық ретінде аудармақ. Фестиваль бағдарламасына жан-жануарлардың адамға адалдық танытқаны жөніндегі шынайы өмірден алынған оқиғалары туралы фильмдер мен көркем фильмдер кіреді. Аталған фестиваль 12 қалада өткізіліп, күзде Нью-Йоркқа қайта оралады. Ал Лос-Анд желесте мысықтар кинофестивалі өтеді.