È

«Су перісі. Өлілер көлі»: ресейлік хоррорға арналған алғашқы трейлер

«Су перісі. Өлілер көлі»: ресейлік хоррорға арналған алғашқы трейлер

Режиссер Святослав Подгаевскийдің («Қалыңдық», «Қарға ханым: Қара салт») «Су перісі. Өлілер көлі» ресейлік хоррорына арналған трейлерінің халықаралық көрсетілімі өтті. Фильмді шығарумен «КИТ Киностудиясы», QS Films және «Орталық серіктестік» айналысты. Қазір Голливудтағы Lionsgate студиясында Подгаевскийдің «Қалыңдық» фильмінің ремейкі әзірленуде. Бір қызығы, «Су перісі» фильмінің ауқымды айналымда күтіліп отырған Латын Америкасының қорқынышты фильмді ұнататын жанкүйерлері трейлерді алғашқы болып көрді.

Ал фильм режиссері төмендегіше баяндайды: «Латын Америкасының көрермендеріне трейлер айтарлықтай уақыт айырмашылығымен көрсетілді. Біз қазірдің өзінде өзіміздің жұмысымыз жайлы жағымды пікірлер естідік және көрермендер саны да артты. Біздің жобамыздың аса қызығушылық тудыруы американдық хоррорға латынамерикандық аудиторияның берер пікірімен салыстырылуда».

«Су перісі. Өлілер көлі» картинасының сюжеті славян аңыздарынан алынған. Суға батқан, тұрмыс құрмаған қыздар су перісіне айналады деп сенген. Өзендер мен көлдер осылай өздерінің жын-перілерін алатын болған.

«Су перісі. Өлілер көлі» қорқынышты фильмі ауқымды айналымға 2018 жылдың 12 шілдесінен бастап шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер