Дуэйн Джонсон кинодағы карьерасын аяқтаған соң АҚШ президенттігі үшін күресетінін жеткізді. Актердің айтуынша, ол мұндай қадамға америкалықтардың өмірін жақсарту үшін бармақ. Дуэйн Джонсон жақында Америкада өткен президенттікке таласты мысал ретінде атап өтті, өйткені бұл көпшілік күтпеген нәтиже болды. Келесі сайлау да осындай таңғалдырарлық болуы ғажап емес екенін айтты әртіс. мемелкеттегі ең жоғарғы лауазым иесінің тағына таласпас бұрын актер губернатор қызметін атқарып көруі мүмкін екенін де жасырған жоқ.